Мазмұнға өту
dvd_sko

SQO PD

@dvd_sko

Сайтта 2013 ж. 29 тамызКазахстан, Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті / Департамент полиции Северо-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

1 959

пікірлер

3

тіркелуші

14

жазылымдар

2

«Автобус» операциясы нәтижесінде жүргізуші де, оның басшысы да жауапқа тартылды

Пайдалану ережелері бұзылған автобусты жолға шығарғаны үшін Петропавлдағы көлік кәсіпорындарының бірінің басшысы 20 АЕК айыппұл төлейтін болады. Жолаушылардың қауіпсіздігі жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік тәртібіне тікелей байланысты. Жыл басынан бері облыс орталығында жолаушылар көлігінің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы жасалып, 6 адам зардап шеккен. Жүргізушілердің кінәсінен 3 апат орын алып, 3 адам жарақат алған. Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының және олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында облыста «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқарып жүрген полицейлер жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге мемлекеттік органдар мен мүдделі ведомстволардың қызметкерлер…

0
0
711

СҚО-да үш күн ішінде бұрын жасалған 16 қылмыс ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы «Барымта» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Іс-шара шілденің 23-і мен 25-і аралығында облыстық деңгейде өткізілді. Операцияның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу. СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Қанат Қасеновтың мәліметінше, «Барымта» іс-шарасына облыс полициясының 430-дан астам қызметкері тартылған. Сонымен қатар, іс-шараға СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары да қатысқан. Операцияның үш күні ішінде облыс орталығында 7 базар, 52 бірлік автокөлік тексерілді. Операция барысында облыс аудандарында да рейдтер өткізілді. Әкімшілік полицияның 381, криминалдық полицияның 51 қызметкерінен 38 ұтқыр топ құрылды. Автомобиль жолдарында бекеттер қойыл…

0
0
654

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде СҚО ІІД Процессингтік орталығы 145 миллион теңгені құрайтын 8 500-ден астам айыппұл салған

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы жұмыс істейді. Олардың барлығының жұмысы облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығымен үйлестіріледі. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығы Петропавл қаласында 2011 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келеді. Жылдамдықты шамадан тыс асыруды, бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтуді және тоқтау жолағынан асу бұзушылықтарын тәулік бойы тіркейді. «Процессингтік орталық Мир және Пионерский, Жамбыл мен Тәштитов көшелерінің қиылысы, Явленка тас жолы, «Лесхоз» аялдамасы апатты-қауіпті жолдарында орналасқан 4 стационарлық бекеттен келіп түсетін ақпаратты өңдейді. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы…

0
0
795

Петропавлда 32 бағдаршам объектісі жаңартылады

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының көше-жол желісінде 80 бағдаршам объектісі жұмыс істеуде. Олардың 32-сі жыл соңына дейін жаңартылады. Петропавл қаласының жолдарында жыл басынан 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның нәтижесінде 6 адам қайтыс болып, 75-і жарақат алған. Жол-көлік оқиғаларының болуының басты себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің алаңғасарлығы. Апаттар көбінесе көліктердің қарсы бетке шығуы, жылдамдықты асыру, көлікті мас күйде басқару, басқарылатын көше қиылыстарынан бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өту нәтижесінде орын алады. Белсенді жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларымен қатар әкімшілік полицейлер, өңіріміздің қалалары мен ауылдарындағы көше-жол желісін жақсартуға атсалысуда. Қазіргі уақытта облыста 98 бағдаршам объектісі жұмыс істеуде. Олардың 80-і облы…

0
0
1373

СҚО полицейлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды жандандырды

Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау жөніндегі күн сайынғы рейдтер қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір түрі болып табылады. Бұл санаттағы адамдарды тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар деп атау әдетке айналған. Мұндай халге өмірдегі түрлі жағдайлар себепші болып келеді. Өмірлері әр басқа адамдар кейін уақыт өткен сайын осындай күй кешуі де мүмкін. Полицейлер оларды жылу трассаларынан, құдықтардан, үйлердің жертөлелері мен шатырларынан іздеп табады. Қабылдау мекемесінің қызметкерлерімен қаңғыбастарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Саусақ іздері алынып, олар фото-бейне есепке қойылады және олардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлық деректер қажетті ақпарат орналасқан және ұдайы жаңартылып тұратын автоматтандырылған мәліметтер базасына енгізіл…

0
0
587

Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi

Облыстық Iшкi iстер департаментiнде Қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Отырыс барысында қатысушылар алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралардың жоспарларымен танысып, шешiлмей жүрген мәселелердi қойып, шешiмiн табуға тырысты. 2012 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан Қоғамдық кеңес мүшелiгiне депутаттар, журналистер мен облыстық қоғамдық ұйым мүшелерi енген. Кеңестiң кезектi отырысы мүлiктiк қылмыстардың алдын алуға бағытталды. Бас қосуда түрлi мәселелер қозғалды. «Облыс аумағында жетi ай iшiнде 388 алаяқтық фактiсi тiркелдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмендеу бар. Алайда бұл қылмыстардың басым бөлiгi, яғни 85 пайызы облыс орталығында орын алды» — деп, хабарлады Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң бастығы полиция полковнигi Ақан Қажкенов. Сондай-ақ, жиы…

0
0
512

Солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерлерi қаланы абаттандыру жұмыстарының сақталуын қатаң бақылауға алуда

Солтүстiк Қазақстан облысының қалалары мен елдi мекендерiндегi абаттандыру жұмыстары басталғалы полиция қызметкерлерiмен 4348 әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталды. Оның iшiндегi 2413-i облыс орталығында тiркелiп отыр. Құқық бұзушылықтардың арасында көбiне қоқыс лақтыру мен рұқсат етiлмеген жерлердi қоқыс мекенiне айналдыру сияқты заң бұзушылықтар жиi кездеседi. Петропавл қаласы Iшкi iстер басқармасының қызметкерлерiмен бiрнеше мекемелерге өздерiнiң аудандарындағы қоқысты сапалы тазалап шығармағандары үшiн айыппұл салынды. Қоқыс шығаруға жауапты компаниялардың бiрi өз аудандарында, бiрнеше жұма бойы Шоқан Уәлиханов көшесi бойындағы қоқыс контейнерлерiн босатпаған. Тәртiп сақшылары бiрнеше рет түсiндiру жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн барып еш нәтиже шықпаған соң ескерту жасаған. Кейiн 9260 те…

0
0
711

1 қыркүйек бiлiм күнiне арналған мерекелiк кездесу

Сегiз айдың iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысында 28 жол-көлiк оқиғасы орын алды. Оның iшiнде 34-i балалардың қатысуымен болған. Әкiмшiлiк полиция қызметкерлерi күздiң алғашқы күнiнен бастап, жол-көлiк оқиғаларын болдырмау мақсатында оқушылармен алдын-алу жұмыстарын бастап кеттi. 1 қыркүйектен облыс орталығында орналасқан мектептердiң жанында жол-патрульдiк қызметiнiң мамандары кезекшiлiк атқарады. Олар оқушылардың қауiпсiздiгi мен жол жүру ережесiн сақтау тәртiбiн бақылауда. Сонымен қатар, әкiмшiлiк полиция қызметкерлерi облыстық жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған мектеп-интернатында өткен iс-шараға қатысты. Олар жиын соңында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерiн түсiндiрiп, сыйлықтарын тарту еттi. «Көп жылдан берi полиция қызметкерлерi бiзге қамқорлы…

0
0
746

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде ерекше семинар-тренинг өтті

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде жас полиция қызметкерлердің қатысуымен ерекше семинар-тренингі өтті. Бұл жиында аудандық , қалалық ішкі істер органдары мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және қонақ ретінде шақыртылған Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жас мамандары да қатысты. Семинар тренингте ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы, жол аптрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының психолог инспекторлары қатысты. Қатысушыларға ұжымға тез сіңісіп кетуге және өзін өзі ұстауды үйрететін теориялық материалдар мен жаттығулар ұсынылды. «Туған ахуалдан шығудын бірден бір жолы ол сіздің позитивті көңіл күйіңіз, күлкіңіз бен сыпайылығыңыз. Ег…

0
0
2148

11 елікті жайратқан браконер қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімі қызметкерлерімен 11 елікті заңсыз атып алды деген күдікпен облыстың екі тұрғының қамауға алды. Қаскөйлер Аққайын ауданында орналасқан «Смирнов мемлекеттік қорығында» аңшылық құрған. Заңсыз аң аулау фактісі 10 наурыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кезекті рейд барысында әшкере болды. Лесное мен Қызыл-Жұлдыз ауылдарының арасындағы жол бойынан алыс емес жерден тәртіп сақшыларының назарына «YAMAHA Professional» қар көлігі мен екі жігіт көзге түседі. Күдіктілердің бірі осы жерде ұсталды. Ал екіншісі болса жасырбақ болғанына қарамастан көп ұзамай қолға түсті. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды. «Облыс аумағында 11 сібір елігін заңсыз атып алу фактісі тілкелді. Брако…

0
0
1771