Мазмұнға өту
dvd_sko

SQO PD

@dvd_sko

Сайтта 2013 ж. 29 тамызКазахстан, Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті / Департамент полиции Северо-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

1 959

пікірлер

3

тіркелуші

14

жазылымдар

2

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нәзік жандардың алар орны ерекше. Қайраттылықты қанат етіп, ауыр да жауапты жұмыс атқарып жүрген қазақ қыздарына қарап, қайран қаласың. Ерлерге бергісіз еңбек етіп, әйел затының ақылына көркі сай екенін іспен дәлелдеп жүрген қарлығаштарымыздың қатары күн санап артуда. Міне, көңілге қуаныш ұялататыны да осы. Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен атқарып жүрген осындай ай қабақ аруларымыздың бірі – полиция полковнигі Сәуле Андағұлова. Әке жолын жалғастырып, саналы өмірін осы салаға арнаған Сәуле Тыныштыққызы облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Ол бала кезінде әкесінің еңбегіне еліктеп, өскенде әскери адам болсам деп армандайды екен. Ақыры алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, қазірде қатар…

0
0
1107

Аязға қалған жолаушыларға полицейлер көмекке келді

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, СҚО ІІД басшылығы жол-патрульдік полициясына қала сыртындағы жолдарды бақылауды тапсырған еді. Нәтижесінде, өткен жексенбіде әмбебап полицейлердің ТЖД қызметкерлерімен бірлескен жұмыстары арқасында, Ақ қайың ауданының «Астана-Петропавл» тас жолында аяз салдарынан істен шыққан, қала аралық автобус жүргізушілері құтқарылды. «Петропавл-Қарағанды» бағытындағы жолаушылар көлігі Рублевка селосы маңында, республикалық трассаның 414 шақырымында 5 қаңтарда кешкі уақыттарда істен шыққан болатын. 45 жолаушының арасында кәмелеттік жасқа толмағандар және екі автобус жүргізушісі болды. Жүргізушілердің айтуынша, ажырату механизмі ақау танытқан сыңайлы. Сондықтан жолаушыларды құтқару үшін Петропавлдан екінші автобус дереу шақырылды. Істен шыққан автобус б…

0
0
711

Байланыста «Жедел басқару орталығы»

Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыстық полицейлер күшейтілген режімде жұмыс атқарды. ІІД жедел басқару Орталығы қызметкерлерінің үйлестіруімен, қоғамдық тәртіпті күзетуге күн сайын 600-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Соңғы жылдары жедел басқару орталығы полицейлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жолындағы көмегі орасан зор. Өткен жылдың өзінде, Орталықтың бейне камералары арқылы 9900 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 6300-ден астамы жол жүру ережесін бұзушылық. «Әдетте жаңа жылдық мерекелер кезінде құқықбұзушылықтардың орын алу қаупі басым болатындықтан, орталық қызметкерлері күшейтілген режімде қызмет етті. Дегенмен, 2014 жылдың жаңа жылдық түнінде облыс аумағында жағдай қалыпты болды»-деп, хабарлады Петропавл қ. ІІБ жедел басқару орталығының ба…

0
0
1708

Лицензияланбаған өнім адам өміріне қауіпті (ФОТО)

Петропавлдық полицейлер Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылуына бақылау жөніндегі жұмыстарын күшейтті. 19 желтоқсаннан жанғыш және жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылу нүктелері бойынша облыс көлемінде бастау алған, тәртіп сақшылары рейдтерінің басты мақсаты – солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, пиротехниканы дұрыс пайдаланбау нәтижесінен балалармен қоса үлкендер де түрлі ауыр жарақаттарға шалдығады. Әсіресе, лицензияланбаған өнімдерден төнетін қауіп басым. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жарылғыш заттарды тек қана лицензиясы бар, арнайы дүкендерден сатып алуды жөн санайды. Рейд шаралары барысында ІІБ лицензиялау-рұқсат ету жүйесі бөлімшесінің қызметкерлері, жарылғыш өнімдерді сақтау ережелері мен оларды с…

0
0
799

Абайлаңыз! Алаяқтар!

Петропавлдық полицейлер, телефон алаяқтығын алдын алу бойынша жаңа жылдық мерекелер алдындағы жұмыстарын жандандырды. Учаскелік инспекторлар подъездерге ескерту парақшаларын жапсырумен қатар, пәтерлерді аралау кезде тұрғындармен алаяқтардан қорғанудың сақтық шараларын өткізді. Алдын алу жөніндегі жұмыстарды полицияның учаскелік инспекторлары СҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкеновтың тапсырмасы бойынша желтоқсанның 23-і мен 26-сы аралығында өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында жүзеге асырды. Мақсатты шара барысында тәртіп сақшылары қарт адамдар тұратын тұрғын үйлерге ескерту парақшаларын жапсырды. Осы айқын ескертулер арқасында, зейнеткерлер алаяқтардың оңай олжасына айналмайтындығына полиция қызметкерлерінің сенімі мол. Телефон алаяқтарының қай әдісте әре…

0
0
512

Серік Жұлтанов – арманы орындалған сақшы

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік таңына бүгінде 22 жыл толып отыр. Жылдар ағады, Тәуелсіздік Күнін тойлау маңыздылығы артады. Әдетте, 16 желтоқсанда ұйымдастырылатын түрлі мерекелік шаралар, кездесулер, кештерді Ел болып бірге тойлау дәстүрде бар. Ал ішкі істер органдарының қызметкерлері керісінше, қоғамдық тәртіпті қадағалаумен болады. Сондай жандардың бірі – М. Жұмабаев ауданы ІІБ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Серік Жұлтанов. 16 желтоқсан Серіктің шаңырағында маңызды аталып өтіледі. Біріншіден, Тәуелсіздік Күні болса, екіншіден, өзінің туған күні. Тағдырдың жазғаны болар, бала кезінен полицияда қызмет етуді армандаған кейіпкеріміз, өмірінің соңғы жылдары бұл күндерді қызмет бабында өткеріп жүр. Екі жоғары білімі бар Серік Жұлтанов, ішкі істер органдарындағы еңбек жолын СҚО мам…

0
0
398

Тәртіп сақшылары жастарға бағыт-бағдар беруде... (ФОТО)

СҚО ІІД кадрлар жұмысы басқармасының қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және ҚР ІІМ ішкі әскерінің 6637 әскери бөлімшесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізді. Барлық кездесулердің көздегені – әскери қызметке шақыру болып табылады. Полиция басқармасы кадрлық аппаратының қызметкерлері, оқу орындарының түлектері және мндетті әскери қызметтегі сарбаздармен кездесулер ұйымдастырып, оларға полиция қызметінің негізгі ұғымдары туралы әңгімелеп, жұмысқа орналасу тәртібі туралы мағлұмат берді. «Құқық қорғау органдарына қабылданатын азаматтарға міндетті түрде медициналық куәландыру, әскери-дәрігерлік комиссия алдынан өту талабы қойылады. Ал заңмен еңбекке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі тұлға құқық қорғау органдарына қызметке орналаса алмайды»-…

0
0
1327

Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)

Қыс мезгілінің басталуына байланысты Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау бойынша жұмыстарын жандандырды. Әдетте, қаңғыбастар жаздың ыстығында қала шетіндегі саяжайларды паналаса, қыс келе қалаға жол тартады. Бұл азаматтардың шоғырланатын жерлері - құдықтар, жылу трассалары полицейлерге жақсы таныс. Қалалық ІІБ қабылдау-тарату қызметкерлері, осы үй-күйі жоқ жандарды анықтау жөнінде рейдтерді күнде өткізеді. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар туралы мәліметтер базасын жаңарту және толықтыру болып табылады. Петропавл қ. ІІБ қабылдау-тарату бөлімі бастығының м.а., полиция майоры Руслан Әлібаевтың айтуы бойынша, Петропавл қаласы ІІБ ҚТБ-нің негізгі міндеті тұрғылықты мекенжайы және құжаттары жоқ азаматтарды анықтап, о…

0
0
829