1 қыркүйек бiлiм күнiне арналған мерекелiк кездесу

Сегiз айдың iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысында 28 жол-көлiк оқиғасы орын алды. Оның iшiнде 34-i балалардың қатысуымен болған. Әкiмшiлiк полиция қызметкерлерi күздiң алғашқы күнiнен бастап, жол-көлiк оқиғаларын болдырмау мақсатында оқушылармен алдын-алу жұмыстарын бастап кеттi.
1 қыркүйектен облыс орталығында орналасқан мектептердiң жанында жол-патрульдiк қызметiнiң мамандары кезекшiлiк атқарады. Олар оқушылардың қауiпсiздiгi мен жол жүру ережесiн сақтау тәртiбiн бақылауда. Сонымен қатар, әкiмшiлiк полиция қызметкерлерi облыстық жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған мектеп-интернатында өткен iс-шараға қатысты. Олар жиын соңында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерiн түсiндiрiп, сыйлықтарын тарту еттi.
«Көп жылдан берi полиция қызметкерлерi бiзге қамқорлық жасап келедi. Олар материалдық жағына аса көңiл бөледi, керек-жарақтарды сатып алады, көлiк мәселесiн шешуде қол ұштарын бередi, балаларға барынша моральдық сүйенiш көрсетедi» — дейдi, облыстық жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешiсi Жанна Мусина.
Облыста 1 қыркүйектен республикалық «Назар аударыңыз, бағдаршам!» акциясы бастау алды. Өткен жылдармен салыстырғанда өңiрде жасөспiрiмдердiң қатысуымен болған жол-көлiк оқилары азайған.
«Аталмыш акцияның мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол көлiк оқиғаларын болдырмау, ереже бұзуға жол бермеу. Күз мезгiлiнде әкiмшiлiк полиция қызметкерлерiнiң жұмысы қыза түседi» — деп, хабарлады Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi әкiмшiлiк полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Әбiлсейiт Жолаушин.
«Назар аударыңыз, бағдаршам!» акциясы 10 қыркүйекке дейiн жалғасады.
СҚО IIД баспасөз қызметi Ерлан Махметов
http://police.sko.kz/
