«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобалары Маңғыстау жұртшылығына кеңінен насихатталуда
Елімізде 2017 жылдың 12-ші желтоқсанында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осыған байланысты кешенді бағдарламалар легі мен жобалар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жаңа инновациялар қоғам өмірінің барлық саласына енгізілуде. Мұның бәрін тұтынып, қызметін пайдалану үшін цифрлық сауаттылық курсынан өту қажет. Өйткені, заманауи жаңашылдықтың өз тілі бар. Үйренуді әрі меңгеруді талап етеді. Бұл мәселеге байланысты ел аумағында «цифрлық сауаттылықты арттыру» курсы өткізілуде.Аталған шара Ақтауда 2018 жылдың 13-ші тамызынан бастап қолға алынды. Яғни, Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен цифрландыруға қатысты жобалардың жай-күйі тұрғындарға түсіндіріліп жатыр. Бұған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғы…