Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электронды коммерция компаниялардың табысын арттыруда

2018 жылы Procter&Gamble (P&G) компаниясы e-commerce арқылы айналымын 30 пайызға арттырған. Ал, 2017 жылдың қорытындысы бойынша электронды саудадан түскен табысы 3 млрд долларды құраған еді. Бұл туралы forbes.ru басылымы жазды.

Мұндай көрсеткіштерді L`Oreal компаниясынан да көруге болады. 2017 жылы ол өзінің цифрлық каналы арқылы 2,1 млрд еуро табыс тапты. Осылайша, компанияға 8 пайыз кіріс әкелген. L`Oreal – парфюмерия мен косметика нарығындағы әлемдік лидер. Оның 2017 жылғы табысы 26 млрд еуроны құраған еді.

Басылым мәліметінше, америкалық трансұлттық компания саналатын Mondelēz 2020 жылы онлайн-сауданың арқасында 1 млрд доллар көлемінде түсім алуды көздеп отыр. 2018 жылдың бірінші тоқсанында электронды коммерциядан түсетін табыс 40 пайызға көбейген болатын. Mondelēz - Alpen Gold, Oreo, Milka, Dirol және т.б. өнімдерді шығарады. Оның әлемнің 80-нен аса елінде өз өкілдіктері бар. Ал, 160 мемлекетке тауарын экспорттайды.

Ал, баршамызға белгілі Nestle е-коммерция арқылы 32 пайыз пайдаға кенеліпті. Nestle - FMCG компаниясының еншісіне кіреді. Аталған компания тұтынушылармен байланыс орнату мақсатында digital-каналдарын іске қосуда. Мұндағы басты мақсат – электронды сауданы дамыту.

Ұлыбританияда интернет-дүкендер арқылы сыра сату көрсеткіші 7 процентті көрсетіп отыр. Ол AB InBev Efes кәсіпорнына тиесілі. Электронды нарықты арттыру мақсатында сыра өндіретін аталған кәсіпорын Atom Group- тың D2C компаниясын иемдеген болатын. Айта кетейік, AB InBev Efes-тің Еуропада 3 интернет-дүкені бар.

Айта кетейік, әлем елдерінде онлайн-сауда нарығы күн өткен сайын дамып келеді. Мәселен, АҚШ жастарының 70 пайызға жуығы интернет арқылы сауда жасап, әрі осы онлайн-бизнеспен шұғылданады екен. Сондай-ақ, электронды коммерцияның дамуына әлемдік ірі компаниялар өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ, Alibabа Group, eBay, Amazon және т.б. 2017 жылғы көрсеткіш бойынша Alibabа Group компаниясның жылдық табысы 15 млрд АҚШ долларына тең болған, eBay - 8,5 млрд АҚШ долларын құрапты. Ал, Amazon сауда айналымы 107 млрд долларды көрсеткен көрінеді. Елімізде де онлайн-сауда саласы даму үстінде. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 10 млн адам интернетті пайдаланады екен. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 миллиард теңгені құраған. Яғни, ол бөлшектік тауар айналымы көлемінің 1,2 пайызын құрады. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.

0
0
901

Осы тақырып бойынша

Электронды коммерция компаниялардың табысын арттыруда - Yvision.kz