Мектеп оқушыларына қоғамдық көлікте жүру картасын онлайн алатын мүмкіндік туды
Астанада мектеп оқушыларына қоғамдық көлікте жүруге арналған LRT көлік картасын үйде отырып-ақ, transcard.kz сайты арқылы алуға болады.
«Мектеп оқушыларына арналған көлік карталары мектептерде де беріле бастайды. Соңғы екі күнде Қажымұқан 14 мекенжайында орналасқан «Астана LRT» ЖШС-ның орталық кассасында адамдар толып кетті. Бұл қарбаластың себебі - мектеп оқушыларына арналған көліктік картаға ие болу. 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап ересектерге қоғамдық көлікте жүру құны - картамен 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен 180 теңге, балалар үшін (7-15 жас) 40 теңге мен 90 теңге аралығында болып белгілен еді», – дейді LRT хабарламасында.
Жазғы уақытта (2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін) балалар билетін төлеу амалдарының қандай болатынына қарамастан 40 теңгеде қалдыру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл уақыт ата-аналарға атаулы қоғамдық көліктің карталарын алып үлгеруі үшін берілген.
Оқу жылы басынан LRT кассаларында неліктен кезек көбейгенін де айтып өтті аталған ұйым мамандары.
Олардың айтуынша, мамандандырылған кассаға бүкіл жаз бойы көлікті карта алуға ешкім келе қоймаған. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев балаларға арналған билет құны уақытын тағы 15 күнге созуды тапсырған болатын. Осыған байланысты балалар мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін орталық кассада толтыруға болатын анкета әзірленген. Сол жерде анкетаны қажетті құжаттармен бірге қалдырып кетуге болады. Ол арқылы мектеп оқушыларына арналған көліктік картаны алуға жол ашылады. Картаның дайын болғанын картаға тапсырыс бергенде көрсетілген нөмірге телефон арқылы хабар беріледі. Осыдан кейін тұтынушы ешқандай кезексіз дайын картаны алып кете алады.
Сондай-ақ, «Астана ЛРТ» компаниясы мектеп оқушыларына арналған көлік картасын алу үшін transcard.kz сайтында өтінім қалдыруға болатынын, аталған өтінім дубликат жасауға келмейтінін тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетелік, оқушыларға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Мұндай шешім барлық оқушылар жеке көлік картасын алып үлгермеуіне байланысты ата-аналардың өтініштері бойынша жасалған еді. Осылайша, Астана қаласының әкімдігі ата-аналарды осы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін баланың жеке көлік картасын алуға шақырады.
Сонымен қатар, жеке мектеп көлік картасын қала маңында тұратын оқушылар да ата-аналарымен бірге барып арнайы кассалардан 400 теңгеге сатып алуларына болады.
