Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сен гүлсің!!!

Ұйқас құрайтыным бар кейде. Мына өлеңді ойда жоқта жаздым. "Ойланып айтылған сөз әдемі, Оқыстан айтылған сөз шынайы" демей ме Чернышевский. Оқыста шыққан өлең, шынайылығы қаншалықты білмеймін.

Сен гүлсің...

Рас айтам, шындығым!

Гүл ашып көктемде,

Күз келсе сынды мың.

 

Сен гүлсің...

Иісің аңқыған даладан,

Дәл мұндай жұпарды,

Иіскегем бейкүнә баладан!

 

Сен гүлсің...

Шындығым риясыз!

Гүлдерді тастауға,

Қалайша қиясыз?

Гүл деген даланың суреті,

Көктемде салынған сиясыз...

 

Сен гүлсің...

Еккенде еленбей,

Өскенде нұр шашқан.

Осылай мәңгілік,

Гүл болып тұрсаң сен,

Кетпеймін бұл шақтан.

 

Сен гүлсің,

Гүлім менің!

Күз келіп, қыс бітсе,

Көктемге жеткізер жырым менің!

(Имандай шыным менің!)

 

Сен гүлсің...

Өсімдік емессің,

Күз келсе, қар жауса,

Жай ғана елессің.

 

Сен гүлсің...

Шыным менің!

Алдасам егер де,

Өмірде сүрінгенім...

 

Гүлсің сен...

Суықта тоңдырсам,

Шөлдетіп солдырсам,

Сындырсам,

Бәрібір,

Жүректе жүрсің сен!

 
0
0
8375

Осы тақырып бойынша