Аппақ қар
Кейде тазалықты аңсайсың. Астанадағы әлі адам түгілі аңның (жануар ғой) ізі түспеген періштедей қонып жатқан (Нұрлан Мәукенұлы) ақ ұлпа қарға қарап, қалам алдық қолға. 
Аппақ қар ақ төсек қой дақ түспеген,
Аппақ қар ақ көйлек қой киілмеген.
Аппақ қар қап-қара шаш ақ түспеген,
Аппақ қар ақ орамал түйілмеген.
Аппақ қар менің анам ақ ниетті,
Аппақ қар менің әкем адал кісі.
Аппақ қар киелі жер, қасеитті,
Аппақ қар жаңа шыққан бала тісі.
Аппақ қар жалғыз аққу айдындағы,
Аппақ қар жаңа көрген ғашығыңыз.
Аппақ қар ақ сөз Алла алдындағы.
Аппақ қар алшы түскен асығыңыз.
