ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
3

Олимпиададағы айтулы сөздер

Олимпиададан елдер жүлде алып қана қайтқан жоқ. Елдің езуіне күлкі сыйлайтын, ешкім күтпеген сөздерімен де есте қалады. Солардың бір парасын ұсынып отырмын...


Усейн Болт, атақты желаяқ:

«Мен осы жетістіктерді бағындыру үшін келгенмін. Мен аңызға айналдым»

Натали Кук, Сидней Олимпиадасында жағажай волейболынан алтын жүлдеге қол жеткізген спортшы әурет жері көрініп қалғанда айтқаны:

«Әйелдің тәні – Құдайдың ең ұлы туындысы. Оған бәрі қарағысы келеді, әсіресе қимыл үстінде»

Джордан Барроуз, еркін күрестен АҚШ балуаны:

«Мен мына бозкілемге шыққан кез келген адамды жығуға дайынмын. Тіпті, ағылшын ханшайымы бозкілемге шықса да, алып ұруға дайынмын»

Елена Исинбаева, сырықпен секіруден үшінші орын алып қалған кезде айтқаны:

«Бәрібір менің рекордымды ешкім жаңарта алмайды. Мен мәңгілік биіктікті бағындырған адаммын. Оны жаңартатын адам он жылдан кейін туар бәлкім. Мұндай биіктікті қалыпқа сыймайтын адамдар ғана бағындырады. Ал, мен сондаймын»

ЭрикБаррондо, күміс жүлде алған Гватемала спортшысы:

«Менің осы жетістігімнен кейін Гватемаладағы біраз жігіт қолындағы тапаншасы мен пышағын тастап, бапкер іздер деген ойдамын»

Е Шивэнь, 400 метрге кешенді жарыста Райан Лохтенің өзінен жылдам келген Қытайдың «балық қызы»:

«Мен бұл жетістікке қажырлы еңбек пен тыңғылықты дайындықтың арқасында қол жеткіздім. Ешқандай  допинг қолданғаным жоқ. Қытайлар өте әділетті халық»

Егор Мехонцев, жартылай финалда бразилиялыққа ұтылып қалған куба боксшысы Хулио ла Крусе Перас жайында:

«Мен бүкіл Әлем алдында оның мұрнын бет қылам деп достарыма, жақындарыма уәде еткен едім. Бірақ, Құдай екеуміздің жолымызды Олимпиадада түйәстірмеді.