Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адам деген кітап қой

Мына бір авторы жоқ "қаңғыған" өлеңді оқып қап, аударғым келіп кетті. Тек өзімше жазғым келді. 

Әрбір адам оқылмаған кітап қой,
Мұқабада таңбаланған ныспысы.
Бірін оқып бітіргенмен бір деммен,
Бірін оқып тауыса алмайсың іш пысып.
Роман болып жазылады кейбірі,
Поэзия боп төгіледі бір кісі.

Кітаптар бар ашылмаған беттері,
Әдемі боп оюланған шеттері
Романдар бар жазылмаған әлі де.

Жазушы әлі сия оған төкпеді...  

Бір кітап бар сөрелерде тұратын,
Алынбайтын, оқылмайтын үнемі.
Бір кітап бар саған қатты ұнайтын,
Сөздерінің болатұғын бір емі...

 

Жатарыңда бір қарайтын түндегі, 
Дұғадайын оқылатын күндегі,
Сүредейін жатталатын сөздері,
Адамдар бар көрінбейтін міндері!

 

Өлең болып жатталатын жадыңда,
(Парақ болып қатталатын, бағың ба?)
Адамдар бар сөзден сұлу өмірде,
Ол адамдар күнде сенің алдыңда!!!

1
1
1334

Осы тақырып бойынша

Адам деген кітап қой - Yvision.kz