Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.
2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Тәртіптік кеңес отырысында 5 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, Исатай ауданы әкімі аппаратының және ауданның жергілікті атқарушы органдарының 2014 жылғы және 2015 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды. Бұдан басқа, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің басқарма басшысы А.А.Алекешев баяндап берді. Басқарма басшысының айтуы бойынша, өңірдің бірқатар мемлекеттік мекемелері…



