Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Тәртіптік кеңес отырысында 5 мәселе қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, Исатай ауданы әкімі аппаратының және ауданның жергілікті атқарушы органдарының 2014 жылғы және 2015 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды.

Бұдан басқа, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің басқарма басшысы А.А.Алекешев баяндап берді.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, өңірдің бірқатар мемлекеттік мекемелері мен жергілікті атқару органдарының қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мәселелері анықталды.

Мысалы, Департаментпен Атырау облысының «Психо-нервологиялық ауруханасы» мен «Атырау облыстық наркологиялық диспансеріне» бірқатар анықтамалар алу тәртібіне талдау жүргізілді.

Департаменттің араласуымен аталған диспанесерлермен берілетін анықтамалар бағасы екі есеге төмендеттірілді.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің, Әділет Департаментінің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Мұқыр орта мектебінің директорына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тәртіптік кеңеспен кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

0
0
638

Осы тақырып бойынша

Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді. - Yvision.kz