Атырау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді.
2015 жылғы 14 тамызда Атырау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілімен қоғамда заң бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың қылмысқа төзбеушілігі мен тұрғындардың сыбайлас жемқорлық салдары туралы ақпараттану деңгейін көтеруге септігін тигізеді.






