Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда кезекті Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылғы 15 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Тәртіптік кеңес Төрағасы – Департамент басшысының орынбасары М.К.Избановтың төрағалығымен Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алу, сонымен қатар жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты 7 мәселе қаралды.

Бірінші болып Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Алекешев Ш.А. жер қатынастары саласындағы азаматтардың шағымдары негізінде жоспарсыз тексеру қорытындысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген талдау нәтижесі туралы баяндады.

Талдау қорытындысы бойынша Атырау қалалық әкімдігінің қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол беретін көптеген себептер мен жағдайлар анықталды.

Көптеген жағдайларда Атырау қалалық әкімдігімен, соның ішінде қалалық жер қатынастары, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен жер қатынастары саласында азаматтарға тиісті рұқсаттар жұмыс комиссиясы және коммуналды қызметтің қажетті келісімдерісіз берілген. Көрсетілген келісімдер міндетті түрде қажет болғандықтан азаматтар коммуналды қызметтерді өз бетімен және пост-фактум алуға мәбүр болған.

Сонымен қатар, рұқсаттарды беру мерзімін 4 айдан 3 жылға дейін жасанды созу деректері анықталды. Тиісті рұқсаттар азаматтарға тек қана Департаментпен тексеру барысында берілді.

Әкімдіктің қызметкерлері олардың жасаған әрекеттерін әкімдіктегі кадрлардың ауысуын дәлелдеуге тырысты. Дегенмен, Тәртіптік кеңес мүшесі әкімдіктің ішкі мәселелері азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзуға жол бермеуі тиіс деп көрсетті.

Ш.А.Алекешев жоғарыда атап көрсетілген мәселелер әкімдік қызметінің айқындығы болмауының нәтижесін көрсетеді деп атап өтті.

Мәселелерді шешу мақсатында Тәртіптік кеңеспен бір ай мерзімінде анықталған барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шара қолдану, сонымен қатар Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларын тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.

Бұдан басқа, отырыста бірқатар тәртіптік істер, соның ішінде Атырау облысы қаржылық бақылау инспекциясымен Атырау облысы Мақат аудандық құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне «Мемлекеттік сатып алу» Заңының талаптарын бұзу дерегі бойынша  жүргізілген тексерістер қаралды.

Мақат ауданының әкімі Б.Сәрсенғалиевке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген бөлімдердің басшыларын «қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыным берді.

0
0
466

Осы тақырып бойынша

Атырауда кезекті Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді. - Yvision.kz