Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржылық бақылау комитетінде бірінші институционалды реформаның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және ескерту мақсатында        2015 жылғы  23 қыркүйекте  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілімен ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлеріне дәріс өткізілді.

Өзінің баяндамасында Департамент өкілі 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ережелерін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеу және құқықтық сауаттылығын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымдары мен құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған позитивті диалог конструктивті түрде болды.

Дәріс барысында қатысушыларға Департамент өкіліне өздерін толғандырып жүрген мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, аттестация және т.б сұрақтарын қойып, толық жауап алуға мүмкіндік берілді.

Дәріс соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

0
0
389

Осы тақырып бойынша