Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сұхбат жүргізілді.

2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Nomad» қоғамдық бірлестігі жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықты тоқтатайық»   тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға Атырау қалалық ішкі саясат басқармасының, №13 мектеп-гимназиясының өкілдері және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқыту құрамы мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен алдын алу бойынша тәрбиелік және ағартушылық жұмыстары туралы мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа, дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білуіміз керек?»  деген сұрақпен келеңсіз жағдайлардан сақтана білу туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына  толық мәліметтер берілді және бейнеролик көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тақырыбында жадынамалар таратылды.

0
0
591

Осы тақырып бойынша