Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс.
2015 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерімен №7 «Атырау қалалық ауруханасының» қызметкерлеріне лекция өткізілді.
Департамент өкілдері қоғамда заңбұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, соның ішінде құзырлы құқық қорғау органының қызметіне сенімін арттыру қажеттілігіне ден қойды.
Шара барысында қызметкерлер облысымызда сыбайлас жемқорлық қылмысын жою үшін өздерінің ұсыныстарын тікелей Департамент өкілдеріне айтып, осы тақырып аясында көптеген сұрақтар қойды.
Шара соңында барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жадынамалар таратылды.

