Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасындағы маңызды кездесу

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Мемлекеттік қызмет істері Департаменті облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында қолданыстағы «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және Әдеп кодексін түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасымен мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшылары қатысып, тақырып бойынша толық мағұлмат берді.

Өз кезегінде аталған басқарма басшысы А.Баймагамбетова басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған жұмыстар үнемі өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Сонымен бірге, басқарма ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында сауалнама жүргізілді.

 
0
0
294

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы.

2016 жылдың 1 наурызында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде оқытушылар және оқушылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы» тақырыбында семинар өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жем0орлы0 профилактикасы басқармасының басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізігі бағыттары мен оны жүзеге асырылуы туралы таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларды ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қар…

0
0
1139

БҚО-да Алғыс айту күні атап өтілді

2016 жылдың 14 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен, көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болып аталды. Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 наурызында Орал қаласының Сырым Датұлы алаңында облыс тұрғындары айтулы мерекені тойлады. Алаңға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілері, университет студенттері, колледж оқушылары және тағы басқалары жиналды. Бұл күні барлық адамның өз отбасына, достарына, туыстарына және тіптен жылы қарым…

0
0
399

«Жемқорлық індет, жою міндет»

29 февраля 2016 года в Уральском колледже нефти, газа и отраслевых технологий состоялось мероприятие на тему «Жемқорлық індет, жою міндет» с участием учащихся.

В ходе мероприятии учащиеся высказали свое мнение по противодействию коррупции, которое сопровождалось слайдом. А также были зачитаны стихи на заданную тему.

0
0
253

«Жемқорлық індет, жою міндет»

2016 жылдың 29 ақпанында Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде оқушылардың қатысуымен «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында іс-шара оздырылды.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ойларын слайдпен сүйемелдеу арқылы білдірді. Сонымен қатар, аталған тақырыпқа орай өлең оқылды.

0
0
307

Қазынашылық департаментіндегі семинар

2016 жылғы 26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саланың заңнамасын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті, онда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент өкілі қатысып, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндірді.

0
0
352

АТИСО колледжіндегі дөңгелек үстел

2016 жылдың 26 ақпанында АТИСО академиялық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша оқушылар және оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
216

Орал қаласының ІІБ семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Орал қаласының ішкі істер басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинарға Департамент басшысының орынбасары Ж.Мұратов және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатынасып, қатысушыларға ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этика Кодексі мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттарын түсіндірді.

0
0
463

Мектептегі кезекті профилактикалық әңгімелесу

2016 жылдың 26 ақпанда Орал қалалық №27 мектебінде 9-11 сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Маншук Харесовамен кездесуі өткізілді.

Департамент өкілі Маншук Харесова оқушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, шараның ұйымдастыруына мұғалімдер құрамы мен ата-аналар қатысты.

0
0
488

Аймақтық оқыту орталығының тыңдаушыларымен кездесу

2016 жылдың 26 ақпанда үш апталық семинар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Нұртазин аймақытық оқу орталығының тыңдаушылары алдында «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында туындайтын мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің практикалық жүзеге асырылуы жөнінде сөз сөйлеп, оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табыс етті. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы әр курсты ұйымдастыру мен оны іске асыруда жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Департамент аймақтық оқыту орталығымен тығыз байланыста. Әр курс бойы Департамент қызметкерлері дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіп, тыңдаушылар алдында дәрістер…

1
0
263