Мектептегі кезекті профилактикалық әңгімелесу
2016 жылдың 26 ақпанда Орал қалалық №27 мектебінде 9-11 сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Маншук Харесовамен кездесуі өткізілді.
Департамент өкілі Маншук Харесова оқушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, шараның ұйымдастыруына мұғалімдер құрамы мен ата-аналар қатысты.
