Орал қаласының ІІБ семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Орал қаласының ішкі істер басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинарға Департамент басшысының орынбасары Ж.Мұратов және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатынасып, қатысушыларға ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этика Кодексі мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттарын түсіндірді.
