Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да Алғыс айту күні атап өтілді

2016 жылдың 14 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен, көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болып аталды.

Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 наурызында Орал қаласының Сырым Датұлы алаңында облыс тұрғындары айтулы мерекені тойлады. Алаңға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілері, университет студенттері, колледж оқушылары және тағы басқалары жиналды.

Бұл күні барлық адамның өз отбасына, достарына, туыстарына және тіптен жылы қарым-қатынасы үшін таныстарына алғыстарын білдіретін мүмкіндіктері бар.

«Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайту факторының міндеттері болып жалпыұлттық топтасу, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулық табылады.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара театрландырылған концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

0
0
397

Осы тақырып бойынша

БҚО-да Алғыс айту күні атап өтілді - Yvision.kz