Аймақтық оқыту орталығының тыңдаушыларымен кездесу
2016 жылдың 26 ақпанда үш апталық семинар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Нұртазин аймақытық оқу орталығының тыңдаушылары алдында «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында туындайтын мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің практикалық жүзеге асырылуы жөнінде сөз сөйлеп, оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табыс етті.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы әр курсты ұйымдастыру мен оны іске асыруда жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді.
Департамент аймақтық оқыту орталығымен тығыз байланыста. Әр курс бойы Департамент қызметкерлері дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіп, тыңдаушылар алдында дәрістер оқиды.
«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» атты семинарда мемлекеттік қызметшілер – аудандық әкімдіктердің, мәслихаттардың және облыстағы мемлекеттік органдардың басшылық құрамы дәріс алды.
Өз сөзінде Мирболат Нұртазин бұл семинарлар жоғары дәрежелі, өз саласының мамандарының қатысуымен және заманауи материалдар мен технологияларды қолдану арқылы өткізілетіндігін атап өтті. Ол тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілген мақсаты және міндеттерімен, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігімен таныстырды.
