Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

МЖӘ дамыту мәселелері талқыланды

2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік-жекешелік әрістестікті дамыту сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Семинар облыс әкімінің орынбасары И.Стексовтің, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ, БҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдері және облыстағы аудандық әкімдер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Семинар-кеңес жұмысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуда мемлекеттің көрсетіп жатырған көмегі мен алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде орындау мәселелері қозғалды.

1
0
548

БҚО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын педагогикалық кеңестерде түсіндіруде

2016 жылдың 19 ақпанда Орал қалалық мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысының күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның рөлі» тақырыбы талқыланып, оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі М.Харесова қатысып, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндірді. Өз сөзінде, ол басты міндет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталғандығы жөнінде айтты. М.Харесова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда мақсатты түрде педагогтардың қызметінің рөлін атап…

1
0
278

Дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңын түсіндіру мақсатында БҚО жастармен жұмыс ресурстық орталығының ұжымына Департамент қызметкерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық жастамен саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, аталған орталық директоры және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының директорлары қатысып, осы саладағы жаңа реформалармен танысты.

0
0
420

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаменті Батыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде жаңадан күшіне енген Заңдарды түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департамент басшысының орынбасары және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының маманы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.

Сонымен бірге, қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.

 
0
0
597

Жемқорлық профилактикасы

2016 жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен облыстық білім беру басқармасында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармаларының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты мекемелер басшылары қатынасты.

Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша видеороликтер көрсетілді.

0
0
361

БҚО-да мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары талқыланды

2016 жылдың 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметті реформалау кезінде мансаптық модельге ауысу және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен олардың өсу механизмдерінің өзгеруі. Осы процесстер меритократия және жариялылық принциптерінде негізделу болып табылады. Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин төрағалық еткен семинар-кеңестің жұмысына облыс әкімі аппаратының басшысы М.Тоғжанов, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Ә.Серғалин, халыққа қызмет көрсету орталығының өкі…

0
0
470

Студенттермен профилактикалық кездесу

2016 жылдың 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің құрылыс және мұнай-газ факультеттерінің студенттерімен кезекті кездесу өткізді.

Кездесуге колледж басшылығы, оқытушылар және Департамент өкілі М.Харесова қатысып, мемлекеттік қызмет істері органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатырған профилактикалық жұмыстары жөнінде түсіндірді. Студенттер өмірлік жағдайларды шешіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Шара соңы колледж студенттерінің концерттік бағдарламаларымен аяқталды.

0
0
292

Салауатты өмір салтын қолдаймыз, қоғамды жемқорлықтан қорғаймыз

2016 жылдың 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы және «Орал» студенттері Альянсы» корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз,қоғамды жемқорлықтан қорғаймыз» атты акциясы өткізілді.

Акция барысында жастарға «Орал студенттер Альянсы» еріктілерімен конькиде сырғанау әдістері үйретілді.

0
0
255

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту қажет

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталып өтілген. Сонымен, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен Орал қалалық жалпы білім беретін мектептерінде сыныптан тыс іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. 2016 жылдың 10 ақпанда осындай шаралардың бірі №39 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында өткізілді. Іс-шараға мектеп мұғалімдері, ата-аналар, сонымен қатар 8-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар үш топқа бөлінд…

1
0
394

Жемқорлықсыз болашақ

2016 жылдың 5 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Орал қалалық №3 мектебінде «Біздің болашағымыз жемқорлықсыз» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Аталған шараның мақсаты өскелең ұрпақтың өзінің мемлекеті алдындағы жауапкершілік сезімінде тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық азаматтық айқындама, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты жеке ой-пікірлерін қалыптастыру болып табылады. 10-11 сынып оқушылары сыныптан тыс сабақты дискуссия түрінде өткізіп, тәртіп бойынша үш топқа бөлінді. Тартыс барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері, жемқорлыққа қарсы қозғалыста жастардың рөлі талқыланды. Сабақ кезінде оқушылар тақырып бойынша ребустар шешіп, ұсынылған оқиғалардан жемқорлық көріністеріндегі жағдайлард…

1
0
1172