«Жемқорлық індет, жою міндет»
2016 жылдың 29 ақпанында Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде оқушылардың қатысуымен «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында іс-шара оздырылды.
Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ойларын слайдпен сүйемелдеу арқылы білдірді. Сонымен қатар, аталған тақырыпқа орай өлең оқылды.
