Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

БҚО-да тренингте мемлекеттік басқарудың тиімді тетіктері туралы талқылауда

Бүгін, 2016 жылдың 3 қарашада Батыс Қазақстан облысында қоғамдық кеңестердің мүшелеріне арналған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕСЕП БЕРУШІЛІГІ МЕН АШЫҚТЫҒЫНЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ МЕН КЕПІЛДІКТЕРІ» тақырыбында тренинг өтіп жатыр.

Тренингтің ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Болат Әлмұханұлы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, тренинг жұмысына Парламент депутаты Сұлтанов Қ., облыстық әкімдік басшылығы, Қоғамдық кеңестердің мүшелері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

0
0
249

Байқаушылар мен сарапшылар

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. 9 айлық мониторинг бойынша конкурс отырыстарына сарапшылар мен байқаушылардың қатысу үлесі 100 % құрайды. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде қатысады. 2016 жылдың 24-28 қазан аралығында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ақы төлеу департаменті», «Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті», «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі», «Батыс Қазақстан облысының кәсіп…

0
0
430

«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым»

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Республикалық жоғарғы техникалық колледжімен бірлесіп, студенттер арасында жалпы қолжетімділікті, яғни азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы және өзінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте жоғарылауы туралы таныту мақсатында «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» атты флэш-моб өткізілді.

0
0
613

Республикалық жоғарғы техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.

2016 жылдың 27 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Республикалық жоғарғы техникалық колледжі студенттерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Департамент өкілдері Б.Хайруллин және Е.Төлепқалиев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері бойынша түсінік беріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Шара барысында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген қабырға газетінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топтар марапатталды.

0
0
406

БҚО-да ЖОО студенттері арасындағы «Брейн ринг»

Брейн ринг– бұл зияткерлік пен танымдық қабілеттіліктердің дамуын ынталантыратын және өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын ойын. 2016 жылдың 25 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйым салулар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының өзекті мәселелерін көрсетуге бағытталған, жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Брейн ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңда…

0
0
868

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

2016 жылдың 24 қазанда «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубының «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді. Шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстарын жүргізу, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында жемқорлықтың алдын алу жөнінде ақпарат беру. Отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, облыстық жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жастар істері комитеттерінің жетекшілері, ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты. Отырыс барысында өңіріміздегі сыб…

0
0
847

Студенттермен кездесу Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде жалғасты

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы және онымен күрес туралы коледж студенттері баяндама жасаса, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.

Сонымен қатар, қатысушыларға профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.

0
0
371

Мемлекеттік қызметтің кәсібилігі жөнінде тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 24 қазанда «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің маңыздылығына қатысты болды.

Өз сөзінде А.Жұбаныш мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жалпы қазақстандық қоғамның алдында ұлт Жоспарында Елбасының бес реформада алға қойған мақсаттарды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұрғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызметке өту срақтары бойынша сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

0
0
254

Ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі

2016 жылы 22 қазан күні «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының XVI ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыстың облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Пікір-сайыс төрешілерінің қатарында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин болды. Қатысушылар арасында қызу пікір-талас тудырған қарардың бірі – «Бұл палата Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің жұмысын қадағалауды күшейту қажет деп есептейді».

Қазақ және орыс лигалары бойынша жеңімпаз атанған командаларға Астана қаласында өтетін республикалық пікір-сайыс турниріне қатысу үшін сертификат берілді.

0
0
339

Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру аясында, Департаментпен 2016 жылдың 20 қазан күні Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өткізілді. Кездесуде департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы саладағы заңнамаларда болған өзгерістер туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, шара барысында колледж оқушылары салған сыбайлас жемқорлық тақырыбында суреттер карикатурасын Департамент өкілі ме…

0
0
496