«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым»
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Республикалық жоғарғы техникалық колледжімен бірлесіп, студенттер арасында жалпы қолжетімділікті, яғни азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы және өзінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте жоғарылауы туралы таныту мақсатында «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» атты флэш-моб өткізілді.
