2016 жылдың 24 қазанда «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысты.
Бағдарламаның негізгі тақырыбы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің маңыздылығына қатысты болды.
Өз сөзінде А.Жұбаныш мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жалпы қазақстандық қоғамның алдында ұлт Жоспарында Елбасының бес реформада алға қойған мақсаттарды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұрғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызметке өту срақтары бойынша сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.