Студенттермен кездесу Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде жалғасты
Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы және онымен күрес туралы коледж студенттері баяндама жасаса, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.
Сонымен қатар, қатысушыларға профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.