«Адал ұрпақ» – ел болашағы
А.ж. 22 қыркүйекте Бурабай ауданы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде Департамент аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бойынша іс-шара өткізді.
Жұмыс сапары аясында Департамент басшысының орынбасары Р. Братаева Бурабай ауданы білім беру ұйымдарының «Адал ұрпақ» клубтары мүшелерінің жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттері, мазмұндамалары мен диктанттары қойылған көрмесін аралады.
Сонымен қатар, Департамент өкілдері Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінде құрылған Адал ұрпақ» клубына барды және пікірсайыс турнирін тамашалады.
Бурабай ауданының орта мектептерінде 28 ерікті «Адал ұрпақ» клубы құрылған, екі мыңнан астам жасөспірім аталмыш клубтардың мүшесі болып табылады.
Клуб мүшелері тәрбие жұмысын, жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
«Адал ұрпақ» клубтарының негізгі міндеті – мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайластыққа төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамаларға қолдау көрсету.
22 сентября т.г. на базе школы-лицея № 7 г. Щучинск Бурабайского района Департаментом совместно с отделом образования района проведено мероприятие по формированию антикоррупционной культуры в школьной среде в контексте духовно-нравственного и гражданско-патриотического воспитания.
Қазіргі таңда жаппай бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайлы жолы деп қабылданады. Мұндай жемқорлық халық арасында жемқорлық сананың қалыптасуына, мемлекеттік билік аппаратының, соның ішінде жас мамандардың ыдырауына алып келеді. Осылайша, жемқорлықпен күресте біріктіруші күш жастар мен үкіметтік емес ұйымдар болды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін тиімділігін арттыру және олардың мемлекеттік қызмет саласында заңнамасын сақтау мақсатында а.ж. 22 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысынаң Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласында заңнама мен тәртіптік практика мәселелері бойынша семинар өткізілді.
А.ж. 22 қыркүйекте Ақмола облысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.
2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті, онда қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы Сандықтау ауданының әкімі А.С. Исмағамбетовтың есебі тыңдалды.
А.ж. 19 қыркүйегінде Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды орындау аясында Департамент «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өткізді.
А.ж. 15 қыркүйекте Департаментте Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге арналған «Тіл мерекесі-ел мерекесі» атты мерекелік байқау өтті.
А.ж. 15 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақтық басқармалардың ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.
А.ж. 14 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов қатысты.