Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті
2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті, онда қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы Сандықтау ауданының әкімі А.С. Исмағамбетовтың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, аталмыш отырыста мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің талдау қорытындылары және Сандықтау ауданының әдеп жөніндегі уәкілдің есебі талқыланды.
Одан басқа, Атбасар қаласының әкімі Н.Т. Комбатұровқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттарын ескермей, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 5-, 7- және 13- тармақшаларының және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 49-бабының талаптарын бұзды.
Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешім мен ұсынымдарды қабылдады.
