Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметтің жаңғыртылуы бойынша түсініктеме

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін тиімділігін арттыру және олардың мемлекеттік қызмет саласында заңнамасын сақтау мақсатында а.ж. 22 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысынаң Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласында заңнама мен тәртіптік практика мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.Сүлейменов мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бойынша түсініктеме берілді.

Бұдан әрі, Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Б.Евниева мемлекеттік қызметке түсу мен өткеру бойынша заңнамада өзгерістер туралы атап өтті.

Кездесуді өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 30 адам қатысты.

 
0
0
436

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметтің жаңғыртылуы бойынша түсініктеме - Yvision.kz