Қоғамдық кеңестің отырысы
А.ж. 22 қыркүйекте Ақмола облысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Қанаев, Қоғамдық кеңестің мүшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Б. Беспалинов, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында Департамент басшысы Б.Беспалинов Агенттіктің аумақтық бөлімшесі жұмысының негізгі бағыттары, Ұлт жоспары -100 нақты қадам аясындағы бірінші институционалдық реформаның Ақмола өңірінде жүзеге асырылуы туралы, оңтайлы тұстар мен проблемалық мәселелер туралы баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері Агенттіктің аумақтық бөлімшесі жүргізіп отырған жұмысқа оң баға берді.
Жұмыс сапары барысында Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдау жүргізгенін атап өткен жөн.
Қоғам өкілдеріне қала тұрғындары Ш. Сегізбаев пен Ш. Сансызбаева Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекеті мен қаланың «Сарыарқа» атты жаңа мөлтекауданындағы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің сапасыз құрылысы бойыншна жүгінді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Қанаев Көкшетау қ. әкімінің орынбасары И. Юрченкоға аталған мәселелерді бақылауға алуды және олардың шешілуі бойынша тиісті шараларды қолдану туралы тапсырма берді.
