Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетау техникалық институтындағы дәріс

А.ж. 14 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметімен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов қатысты.

Кездесу барысында Д. Каконов жиналғандардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысының негізгі бағыттарына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне  аударды.

Кездесу соңында жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға 60 адам қатысты.

 
0
0
240

Осы тақырып бойынша

Көкшетау техникалық институтындағы дәріс - Yvision.kz