Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғары оқу орындарының қатысуымен конференция өтті

А.ж. 19 қыркүйегінде Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған  кешенді жоспарды орындау аясында Департамент «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өткізді.

Іс-шараға Департамент басшылығы, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері,  сонымен қатар, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар ЖОО қауымдастығының жемқорлықтың алдын алудың сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастырудың  пәрменді тетігі ретінде қалыптастыру мақсатында күшті біріктіру қажет екендігін атап өтті, ол туралы  Мемлекет Басшысының биылғы жылғы Қазақстан Халқына Жолдауында айтылған болатын.

ЖОО өкілдері академиялық адалдық, парасаттылық және ашықтылық қағидаларын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюдың жемісті үлгілерін келтірді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі халықаралық академиялық стандарттарды ойдағыдай іске асырудың үлгісі болып табылады.

Департамент басшысының орынбасары Р. Ғ. Братаева өзінің сөзінде пәндердің әдеп және кәсіби нормаларға сай жүргізілуі жоғары оқу орындарының академиялық беделінің негізін құрайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, жиналғандар диалог барысында  елдің жоғары білім беру жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру тетігі ретінде осы салада сыбайлас жемқорлық деңгейін түсіруге бағытталған реформа өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Іс-шараға 90-нан астам адам қатысты.

   
0
0
839

Осы тақырып бойынша

Жоғары оқу орындарының қатысуымен конференция өтті - Yvision.kz