Ерейментау ауданына іссапар
А.ж. 11 қазанында Департаменттің қызметкерлері Ерейментау ауданының Бөгенбай батыр атындағыорта мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен өткізілген ашық іс-шараларға қатысты. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын іске асыру мақсатында Департаментте Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларының жалпы білім беру мекемелерінде ашық іс-шаралар өткізу жөніндегі Кесте-жоспар құрылды. 11 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында пікірсайыс өткізілсе, 8 сынып оқушыларымен «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» тақырыбындағы сынып сағаты өткізілді. Іс-шаралардың барысында оқушылар бір-біріне: «Сыбайлас жемқорлықтың маған қандай қатысы бар…
2017 жылғы 4 қазанда Капитоновка ауылдық округінде білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
«Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды өткізу аясында Новобратск селолық округінде 2017 жылы 3 қазанда селолық округте білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің, «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің, жастар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру- жалпы мемлекеттік міндет» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.. Іс-шараны өткізіуге жауапты селолық округтің әкімі Салий В.И. Дөңгелек үстелге барлығы 34 адам қатысты. Іс-шара өте қызықты өтті, дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты қоғам тарапынан "мүлдем төзбеушілік" қалыптастыру үшін өз ойлары, пікір және тілектер айтты.
А.ж. 27 қыркүйекте Бұланды ауданы «Адал жол — Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның эстафетасын қабылдады.
2017 жылғы 2-3 қазанда Департамент Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесе отырып «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін адамдар үшін заңнаманы зерделеу бойынша қысқа мерзімді курстар өткізді.