Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіл мерекесі – ел мерекесі

А.ж. 15 қыркүйекте Департаментте Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге арналған «Тіл мерекесі-ел мерекесі» атты мерекелік байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру.

Іс-шараға Департаменттің басшылығы,  қызметкерлері, қазылар алқасының төрайымы және мүшелері ретінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  М. Жақыпова, «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының редакторы А. Мырзағұл, Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Д. Қоспанов қатысты.

Бірінші кезеңде сайысқа қатысушылар  «Біздің міндет – халыққа қызмет», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» атты тақырыптар бойынша эссе жазса, екінші кезеңнің бірінші бөлігінде мақал-мәтелдер сайысына түсіп, екінші бөлігінде  салт-дәстүрлерге қатысты қойылған сұрақтарға  жауап берді. Ал үшінші кезеңде Департамент қызметкерлері қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша шағын қойылым көрсетті.

Қазылар алқасының бірауыздан шығарған шешімімен сайыста жүзден жүйрік шыққан мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М. Атамбаеваға І орын берілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Б. Әшірбеков ІІ орынды иеленді. ІІІ орын Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Д. Азбергеноваға берілді.

Департамент қызметкерлері, өздерінің тіл шеберлігін, білімдерін, шығармашылығын көрсетіп, іс-шараға белсенді түрде қатысты.

 
0
0
1366

Осы тақырып бойынша

Тіл мерекесі – ел мерекесі - Yvision.kz