Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлық тәуекелдерін талдау – жемқорлықтың алдын-алудың тиімді әдісі

А.ж. 4 қазанда  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ғимаратында Жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Е.У.Кенжалиннің қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне арналған «Жемқорлық тәуекелдерін талдау – жемқорлықтың алдын-алудың тиімді әдісі» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Іс-шара барысында заңнама талаптары мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізу тәртіптері түсіндірілді.

Сондай-ақ, жеке мемлекеттік органдар үлгісінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға жергілікті атқарушы органдармен жемқорлық көріністеріне ішкі талдауды қажетті деңгейде өткізбеуі айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар қызметінде жемқорлық көріністеріне ішкі талдау бойынша анықтамалық ақпаратқа жүргізілген талдау жемқорлық көріністерін жою бойынша ұсыныстар жоқтығын көрсетті.

Өткізілген семинар-тренинг нәтижесінде қатысушыларға жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтылып, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу барысында нысаншылыққа жол бермеу бойынша нақты ұсыныстар берілді

Іс-шараға барлығы отыздан астам қызметкер қатысты.

 
0
0
654

Осы тақырып бойынша