Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетауда «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті

А.ж. 10 қазан күні Ақмола облысында «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты –  Өскелең ұрпақты адамгершілігі мол, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат, өз елінің патриоты етіп қалыптастырып, дамыту.

Іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді,  Саңдықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қаласынан жалпы саны 120 – дан астам оқушы қатысты.

Байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде Департаменттің өкілі С. Бекажанова қатысты.

Алғашқы кезеңде байқауға қатысушылар өз командаларын театрландырылған көрініс немесе агитбригада түрінде таныстырды, екінші кезең клубтың 2016-2017 оқу жылында өткізген іс-шаралар бойынша есеп. Үшінші кезең – «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы бейнеролик.

Өте  қызықты және тартысты өткен байқаудың нәтижелері бойынша төмендегі топ құрамалары жүлделі орындарды өзара бөлісті:

І –орын. Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы;

ІІ – орын. Жақсы ауданы Киевка орта мектебі;

ІІІ – орын. Сандықтау ауданы №1 Балкашино орта мектебі.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы  сыйлықтармен марапатталды.  Басты сыйлық «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауының кубогы І –орын иегері  Көкшетау қаласы                  М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясына табысталды.

 
0
0
466

Осы тақырып бойынша

Көкшетауда «Үздік Адал ұрпақ – 2017» облыстық байқауы өтті - Yvision.kz