Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі туралы
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың, Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Абдрахмановтың және әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметтері жүктелген тұлғалардың қатысуымен «Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі туралы» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы қызметінің қорытындысы талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын бұзу деректері бойынша өтініштерді қарау, мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтар жасауын алдын-алудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің өкілеттігін жүзеге асыру жолдары жөнінде сөз қозғалды.
Іс-шара барысында семинардың барлық қатысушыларына қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларды талқылауға мүмкіндік берілді.
