Ерейментау ауданына іссапар
А.ж. 11 қазанында Департаменттің қызметкерлері Ерейментау ауданының Бөгенбай батыр атындағыорта мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен өткізілген ашық іс-шараларға қатысты.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын іске асыру мақсатында Департаментте Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларының жалпы білім беру мекемелерінде ашық іс-шаралар өткізу жөніндегі Кесте-жоспар құрылды.
11 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында пікірсайыс өткізілсе, 8 сынып оқушыларымен «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» тақырыбындағы сынып сағаты өткізілді.
Іс-шаралардың барысында оқушылар бір-біріне: «Сыбайлас жемқорлықтың маған қандай қатысы бар?», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мен не істей аламын?», «Жемқорлықсыз өмір сүру мүмкін бе ?» сынды сұрақтарды қойып, жауап қайтарды, жүргізген сауалнамалардың нәтижелерімен таныстырып, өздерінің жобаларын қорғады.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері Ерейментау ауданыныа іссапар аясында мәдениет саласы қызметкерлерімен, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының және аудандық аурухананың еңбек ұжымдарымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесулердің барысында Департамент қызметкерлері тыңдаушылардың назарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын жүзеге асырылуының негізгі бағыттарына аударды, сыбайлас жемқорлықтың кезкелген түріне мүлде төзбеушілік ахуалын тудыру әдістері мен тәсілдері туралы айтты.
