Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«А» корпусына үміткер кандидаттар үшін оқыту курстары ұйымдастырылды

2017 жылғы 2-3 қазанда Департамент Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесе отырып «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін адамдар үшін заңнаманы зерделеу бойынша қысқа мерзімді курстар өткізді.

Бірінші күн – 2 қазанда жұмыс күні ішінде үміткерлер сынамалық тестілеуден олар үшін ыңғайлы уақытта өтуге мүмкіндіктері болды.

Екінші күн –  3 қазанда дәрістер және психологтардың қатысуымен тестілеу мен әңгімелесуден өтуге дайындалу үшін тренингтер өткізілді.

Аталған курстарды өту нәтижесінде «А» корпусының кадр резервіне үміткерлер қолданыстағы заңнама саласындағы білімді бекітіп, конкурсқа одан әрі қатысуға моральдық және психологиялық дайындық алды.

 
0
0
359

Осы тақырып бойынша

«А» корпусына үміткер кандидаттар үшін оқыту курстары ұйымдастырылды - Yvision.kz