Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жөніндегі семинар-кеңес өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2016 жылдың 7 сәуірінде Ақмола облысы ауыл шаруашылық басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, заңға тәуелді актілердің және Этикалық кодекстің талаптары түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің сыртқы және ішкі талдауларын жүргізудің нормалары мен ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті іске асыру тетіктері түсіндірілді.
Іс-шара сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті. Кездесу барысында туындаған сауалдарға жан-жақты, толық жауап берілді.
Шараға 29 адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Ж.Жақыповпен 6 сәуір 2016 жылы Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұжымдарымен кезедесу өткізілді.