Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау бойынша оқыту семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Ақмола облысы әкімінің аппаратымен бірлескен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау мәселелері бойынша практикалық семинар ұйымдастырды. Семинар облыстық жергілікті атқару органдарының персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу бойынша түсініктеме берілді. Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Исаев тоқсандық, айналмалы және жылдық бағалауды өткізу кезіндегі әрекеттер алгоритмі слайдтарын барлық қажетті құжаттаманың толтыру мысалдарын келтіре отырып, көрсетті.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева және Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Темірханова түсініктеме берді.

Семинар өткізу барысында конструктивті сұхбат қалыптасты. Туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.

Осы іс-шара аяғында семинар қатысушыларына «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы әзірлеген әдістемелік нұсқаулар таратылды.

Семинар-кеңеске 52 адам қатысты.

 
0
0
403

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау бойынша оқыту семинар өткізілді - Yvision.kz