Пікірсайысшылар Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді.
2016 жылдың 6 сәуірі күні Гуманитарлық-техникалық лицейде жыл сайынғы облыстық «Адал жол-Честный путь» марафонының аясында көрнекі пікірсайыстық ойын өткізілді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
«Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. Бегалина мен Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д. Каконов кіріспе сөз сөйледі.
Ойынға №17 орта мектептің және Қазақ-түрік лицейінің пікірсайысшы-оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі пікірсайыстағы басты және ең қызу талқыланған тақырыптардың бірі болып табылды.
Ойын «Американдық парламенттік пікірсайыс форматы» түрінде, ресми тілде өтті.
Ойынға қатысушылар, үздік спикерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Пікірсайыстық ойынға 52 адам қатысты.

