Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) әзірлеген  және Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № А-3/90 қаулысымен қабылданған Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының  «Жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер ұйымдастыру» 5.5. тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М.Ахметқалиев өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты, іс-шараға қатысушыларды «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонына қатысуға шақырды.

«Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде  Ақмола облысында дәстүрге айналған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды. Марафон  облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткізу арқылы мәресіне жетеді. Марафон барысында жұмыстың түрлі әдістері қолданылатын болады: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дер, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар, т.б. Бұл іс-шараларға мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап,  халықтың барлық топтары қатысатын болады», - деп атап өтті М.Ахметқалиев.

«Ақпараттық алаңшаның» қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар  қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.

0
0
470

Осы тақырып бойынша

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда - Yvision.kz