Әскери-техникалық мектептің отансүйгіштік тәрбие беру ісіне қосқан үлесі
2016 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Щучинск әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру (Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының «ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау және түсіндіру іс-шараларын өткізу»-5.4. тармағын орындау).
Департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы Қ.Қалықов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған талаптарына түсініктеме берді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері А.Амангелдина сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған жұмыстың жаңа тәсілдері мен түрлері туралы мәлімдей келе, іс-шараға қатысушыларды а.ж. 1 сәуірде Көкшетау қаласында бастау алған «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонына белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кездесу жүргізіліп отырған шаралардың өңірдегі сыбайлас жемқорлықты қабылдаудеңгейіне тигізетін ықпалын анықтауға бағытталған сауалнама жүргізумен аяқталды.
Іс-шараға 30 адам қатысты.
