«Адал жол – Честный путь» эстафетасы Бұланды ауданында
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бұланды ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақовтың, аудан әкімі Қ. Іспергеновтың қатысуымен идеологиялық актив өткізілді.
Активке аудан әкімінің орынбасарыБ. Тасылбекова қатысты, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Қ. Жапақов өзінің баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қатысушыларына алғыс білдірді және өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты – Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті.
Талқылау барысында активтің қатысушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығымен келісетіндерін білдірді.
Активтің соңында азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қ. Жапақов суреттер байқауына барып, жеңімпаздарға бағалы жүлделер мен грамоталарды табыс етті.
Аудандық кітапханада аудан жастарының қатысуымен ақпараттық үстел ұйымдастырылды. Департамент өкілдері мен аудан басшылығы ақпараттық үстелдің жұмысына қатысты.
Іс-шараларға 150 адам қатысты.
