Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – баршамызға ортақ іс!

2016 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика  министрлігі Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде (Бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Іс-шараның модераторы – Департамент басшысы Қ. Баймұхамбетов. Семинар-кеңестің жұмысына Департаменттің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнеролик көрсетілді.

Кеңестің қатысушылары қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Семинар-кеңеске 50 адам қатысты.

0
0
462

Осы тақырып бойынша

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – баршамызға ортақ іс! - Yvision.kz