Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында еңбек ұжымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер жалғасуда

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері М. Ахметқалиев ҚР инвестициялар және даму министрлігін индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауыпсыздық комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті  ұйымдастырған кеңеске қатысты.

Кездесу барысында М. Ахметқалиев жиналғандардың алдында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысының негізгі бағыттары,  сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.

Сонымен қатар, спикер ұжымды 2015 жылдың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық  мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы хабардар етті. Сондай-ақ,  қазіргі уақыттағы жұмыстың басты басымдығы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес емес, жемқорлықтың алдын алу екенін атап өтті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында еңбек ұжымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер жалғасуда - Yvision.kz