Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Ұсақ жемқорлық немесе жасаған жақсылық үшін алғыс

А.ж. 13 қыркүйекте Егіндікөл ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол –Честный путь» марафоны аясында    «Ұсақ  жемқорлық немесе жасаған жақсылық үшін алғыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: қоғамдық санада қалыптасқанстереотиптерді өзгерту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайына төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Осы маңызды және көкейтесті тақырыпты талқылауға аудандық кітапхана оқырмандары және   10-11-сынып оқушылары  қатысты. Ұсақ жемқорлық деген не? Ұсақ жемқорлар жегеніміз кімдер?  Жиналғандар ұсақ жемқорлықты жеңуге бола ма? - деген сұрақтар бойынша барынша пікір таластыруға тырысты.

Іс-шараға 13 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
374

Мемлекеттік сатып алудағы айқындық

А.ж. 13 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі тазалық» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шараны Егіндік өлауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары З.Жұматова, Ж.Жақанов, аудандық қызмет басшылары мен мамандары қатысты.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Придан қатысушыларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісінше орындалуы, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жолбермеу туралы түсінікті түрде ақпараттандырды. С.Придан семинар барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Департамент госслужбы

0
0
356

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы іс үстінде

А.ж. 13 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында дәріскер Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді тұстарын түсіндірді. Өз сөзінде Департамент қызметкері Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік орг…

0
0
727

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы

А.ж. 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақтық басқармалардың ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты. Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырғ…

0
0
214

Адалдық рухындағы спорт

А.ж. 10 қыркүйекте № 2 Егіндікөл орта мектебінің спорт залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында волейбол мен баскетболдан жарыстар өткізілді. Жарыстың ашылу кезеңінде еліміздің болашағы - қазақстандық жас ұрпақ, болашақ азаматтық және мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер мен түрлі мамандық өкілдерінің мемлекеттілік, экономика, заманауи, адал және өркендеуші қоғам құрудың негізгі қағидаларын білетіні байқалды. Қатысушыларға «Біз жемқорлыққа қарсымыз» ұрандары бар «адал қоғамды» насихаттайтын парақшалар таратылды. Жанкүйерлер өз командаларын белсене қолдады. Қорытындысында барлық қатысушылар денсаулық, сергектік қуаты мен жағымды эмоция алды. Сыбайлас жемқорлық марафоны аясындағы жарыстар қорытындысы бойынша № 1 Егіндікөл орта мектебі волейбол мен бас…

0
0
412

Жемқорлық туралы КВН

А.ж. 10 қыркүйекте Егіндікөл ауданында «Адал жол – Честный путь» марафонына орай мектеп оқушыларының КВН турнирі өтті. Шараға екі команда қатысты: Днепропетров орта мектебінің «Жастар КZ» және № 2 Егіндікөл орта мектебінің «Новое поколение» командалары қатысты.    Турнирге төрағалық ету мектеп қызметкерлеріне ұсынылды. Біз сол кештің қалай өткенін байқамай да қалдық. Қыздар ән салды, әзіл айтып, би биледі.«Жастар КZ»командасы команданың әр мүшесіне ерекше рөл беріп, өте қызықты өткізді. Оларда зиялы қауым, ботаник бала, Жемқор, және көптеген қызықты кейіпкерлер болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Новое поколение» командасы бірінші орын алды.

Департамент госслужбы

0
0
1338

Сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның жаңалықтарының бірі

А.ж. ж. 9 қыркүйекте Ақмола облысының әкімдігінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты. Семинар барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға арналған басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жем…

0
0
478

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы өтті.

Конкурсқа аудан мектептерінің бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары қатысты. Конкурсқа бүгінгі күнгі маңызды мәселе тақырыбына авторлық көзқарасты көрсететін суреттер, коллаждар ұсынылды.

Аудан әкімінің орынбасары Зоя Жұматова жемқорлықты жою ісінде жастардың рөлінің маңызды екенін айтып, «Конкурсқа қатысушылар бұл мәселенің мәнін мәңгілік есте сақтайды. Насихат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу қажет – сонда бұл шаралар өз нәтижесін береді. Оқушылардың  алған білімдері өмірде жемқорлықтың кез келген түрімен кездеспеуге септігін тигізеді деп сенгім келеді» - деп сөзін қорытындылады.

Департамент госслужбы

0
0
2889